Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Облыстық ішкі істер департаменті бастығының жаңа орынбасары болып полиция полковнигі Нығмет Мутигуллин тағайындалды. Осыған дейін Атырау қалалық ішкі істер басқармасына басшылық еткен лауазымды тұлғаны жеке құрамға облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев таныстырды.

Мутигуллин

Нығмет Саметұлы Мутигуллин — Атыраудың тумасы, 1965 жылы дүниеге келген. КСРО ІІМ басшы құрамды дайындайтын Уфа арнайы орта мектебін, Ресейдегі ІІМ Рязань жоғары мектебін және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 1985 жылы облыстық ішкі істер басқармасының қабылдау-бөлу орталығының кезекшісі болып бастапты. Кейін түрлі басшылық міндет атқарған. Өзінің жоғары жауапкершілігін танытқан тұлға жаңа қызметін де мүлтіксіз атқарады деген сенім бар.

Айта кетейік, облыстық ішкі істер департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Бауыржан Рахметов бүгінде еңбек өтіліне байланысты зейнеткерлікке шығып жатыр.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*