Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «45 минут»

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен облыс аумағындағы колледждер, жоғары оқу орындарының оқытушылар құрамы мен студенттері, орта мектептердің ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларының (9-11 сыныптар) қатысуымен «Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» өткізілді.

24068195_1108629012610475_3843673335242789119_n

Шараның мақсаты — 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ортақ саясаттың маңыздылығын ұғындыру.

24130008_1108629119277131_6835665875394380799_n

Атырау мұнай және газ университетінде өткізілген шараға Департамент басшысы-Әдеп жөніндегі Кеңес Төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов және университет ректоры Әли Әбішев қатысты. Сонымен қатар осы уақытта барлық Атырау облысы білім беру мекемелерінде 45 минуттік акция жалғасын тапты. Шара барлығы 29 мыңға жуық адамды қамтыды.

Шара барысында тыңдаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына назар аударып, талқылауға белсене қатысып отырды.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*