«Өрімтал» — жас тілшілер фестивалі басталды (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалін ұйымдастырды.

ANU_3505

Аталған медиахолдинг «Ғажайып өлке» шығармалар конкурсын өткізген болатын. Үш жүзден астам шығармалардың ішінен қырық оқушының жазбасы іріктеліп алынды. Сөйтіп, аудандардан 28 оқушы, қала мектептерінен 12 шәкірт қауырсын қалам иелері болуды армандайтын жас өркендер фестиваліне жолдама алды.

ANU_3586

ANU_3509

Медиасеріктестіктің баспасөз орталығында облыстық жас тілшілер форумына қатысушылар «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева және басқа да журналистермен кездесіп, көкейлерінде жүрген көп сауалға жауап алды. Медиахолдингтің тыныс-тіршілігімен танысты.

ANU_3769

ANU_3696

ANU_3786

ANU_3720

ANU_3862

ANU_3876

Жоспарға сәйкес облыстық «Атырау» телеарнасы ұжымымен кездесіп, телеарна өмірін өз көздерімен көрді. Одан кейін жас қаламгерлер Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Абзал Тәлтеновтің қабылдауында болып, университет өмірінің аз ғана сәтіне куә болды. Университет оқытушыларының дәрісін тыңдады.

ANU_3920

ANU_3941

ANU_4053

ANU_4163

ANU_4119

ANU_4130

ANU_4160

Түстен кейін елімізге және өңірімізге танымал журналистер мен медиа мамандарының шеберлік сыныптары өткізілмек. Нұрғиса Тілендиев атындағы Атырау облыстық «Кіші өнер академиясы» дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектебіндегі журналистика мамандығының «Зерде» телестудиясына барып, ондағы шәкірттермен, мұғалімдермен жүздеспек.

Бүгінгі күннің кешінде Атырау қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасап, Жайық жағалауына кешкі серуенге шықпақ. Жас тілшілер фестивалі ертеңгі күні де жалғасын табады.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*