Қызылқоға аудандық әкімдігі жер қойнауын пайдаланушыға қатысты негізсіз акт шығарған

Қызылқоға ауданында жер қойнауын пайдаланушыға қатысты шығарылған акт жарамсыз деп танылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Іс құжаттарына сай, «Ап-Нафта Оперейтинг» ЖШС-і Қызылқоға ауданы, Кемеркөл кен орнында 2004 жылғы 18 қарашадағы жер қойнауын пайдалануға операциялар жүргізу шартының мемлекеттік тіркеу актісі негізінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылады. Кейіннен шарттық аймақтан Қызылқоға ауданы әкімиятының 2016 жылғы 14 шілдедегі №121 қаулысымен 49 жыл мерзімге «Абердин Ангус Атырау» ЖШС-іне беріліп, 2015 жылғы 20 шілдеде жалдау шарты жасақталып, 2016 жылғы 22 шілдеде уақытша пайдалануға құқық беретін акт берілгені анықталған.

Сот отырысында «Абердин Ангус Атырау» ЖШС-іне жер беру туралы Қызылқоға ауданы әкімиятының 2016 жылғы 14 шілдедегі №121 қаулысы жер заңнамасында көзделген кезектілік процедурасы бұзыла отырып шығарылғаны анықталды.

Сот шешімімен «Ап-Нафта Оперейтинг» ЖШС-інің талабы қанағаттандырылып, Қызылқоға аудандық жер қатынастары бөлімі мен «Абердин Ангус Атырау» ЖШС-і арасындағы 2016 жылы 20 шілдеде жасақталған жалдау шарты, 2016 жылы 22 шілдедегі уақытша пайдалануға құқық беретін актісі жарамсыз деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Айқара Ғұмар

Фото ya-fermer.ru сайтынан алынған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*