Полицейлерге бағынбаған Ресей азаматы көлік басқару құқығынан айырылды

Полицейлерге бағынбаған Ресей азаматы көлік басқару құқығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Ол «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігімен «Атырау-Орал» тас жолының 137 шақырымы тұсында келе жатып, полиция қызметкерлерінің  арнайы дауыс күшейткіші арқылы тоқтату белгісіне бағынбай, олардың заңды талабын орындамаған.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының азаматы сот отырысына белгісіз себептермен қатыспаған және оны кейінге қалдыру туралы өтініш бермеген.

Сот отырысында азамат И.-дың әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық жасау хаттамасымен, басқа да іс құжаттарымен толықтай дәлелін тапты.

Сөйтіп, сот қаулысымен құқық бұзушы И. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1  жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото liter.kz сайтынан алынған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*