Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері ұлықталды (ФОТО)

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Кәсіби мереке иелерін облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев құттықтады.

IMG_6292

«Өздеріңізге мәлім, биылғы жылдың басында Елбасының Жарлығымен «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның аясында елімізде, қала берді аймақта ауқымды жобалар қолға алынып, кешенді жұмыстар атқарылды. Қол жеткізілген табыстарда ата кәсіп-мал шаруашылының үлес салмағы басым. Жыл басынан бергі он айда төрт түліктің басы мүйізді ірі қарадан – 104,3, қой-ешкіден – 102, жылқыдан – 113,8 және түйеден – 101 пайызға өсті. Есепті мерзімде 32,4 мың тонна ет, 49,4 мың тонна сүт және 71,3 млн. дана тауық жұмыртқасы өндіріліп, меже асыра орындалды»,-деді С.Нақпаев.

IMG_6295

Егін шаруашылығында да егістік жер көлемі былтырғы 7604-тен 8477 гектарға жеткізіліп, 111 пайызға ұлғайтылған. Соған байланысты егіннен алынатын өнім көлемі де көбейіп, тамшылатып суару тәсіліне бейімделген егістік алқаптың аумағы артыпты. Жылыжай кешенінің жалпы ауданы 12,5-тен 14,5 гектарға жеткізілген. Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек пен қолдау да аз емес. Осылайша, 2017 жылы жеңілдікпен берілетін несиеден бөлек, 14 мемлекеттік бағдарлама бойынша шаруагерлерге 4 млрд.теңге сомасында субсидия бөлінген.

IMG_6294

Мұнан кейін сала озаттарын ұлығылауға кезек берілді. Кәсіби мереке иелерінің бір тобына Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты табысталса, енді бір тобы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің медалдарымен, төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Келесі құттықтау сөз кезегін еншілеген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мақсот Мұқанов, әр сала бойынша озат танылған жыл үздіктерінің есімдерін атап, лентасын тақты. Ал, облыстық мәслихат хатшысы Өмірзақ Зинуллин, кәсіби мереке иелерінің бір тобына өз атынан жазылған Алғыс хаттарды тапсырды.

IMG_6293

Салтанатты шараның соңы мерекелік сазды бағдарламаға ұласты.

IMG_6291

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*