Сағыздықтар өз күшімен көпір салды

Сағыз ауылдық округінің тұрғындары Ноғайты өзенін кесіп өтетін көпір тұрғызып алды. Игі істі ұйымдастырушылардың бірі, зейнеткер Ізім Таспановтың айтуынша, бұл көпір өзеннің екі жақ бетінде орналасқан тұрғындарға әсіресе, мектеп оқушыларына қолайлы болмақ.

ФОТО - ҚЫЗЫЛҚОҒА

Көпір құрылысының салынуына атсалысқан ауыл азаматтары Сағызбай Тастеміров, Нұрбол Досымбаев, Құлмағанбет Қоданов, Мұратбек Ноғайбаев, Ғалымжан Ізбасаровтарға алғыс жаудыруда.

«Ноғайты өзені ауылды екіге бөліп жатқандықтан, оны айналып өтуге тура келетін. Азаматтардың өтінішін ауыл кәсіпкерлері қолдап, көмек қолын созды. Көпірден жаяу жүргіншілер мен жеңіл автокөліктер өте алады»,-дейді ауыл тұрғыны Ізім Таспанов.

Мәлике Мәлік

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*