Енді Қазақстанда АИ-80 бензині сатылмайды

Қазіргі таңда Қазақтандағы мұнай өңдеу зауыттарында АИ-80 маркалы бензинді өндіру тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов мәлім етті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ФОТО - БЕНЗИН

«Мұнай зауыттары жаңғыртудан өткеннен кейін мотор майларының сапасы К-4 және К-5 стандарттары негізінде өндіріледі. Өкінішке қарай, АИ-80 маркалы бензин бұл жоспарға кірмейді. Қазіргі таңда АИ-80 маркалы бензиннің өндірісі тоқтатылды. Тек белгілі бір бөлігі ғана Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша өндіріліп жатыр»,-дейді Қуаныш Құдайбергенов.

Оның айтуынша, адағы уақытта жанар-жағармай құю станцияларында АИ-80 маркалы бензин болмайды.

«Қазіргі таңда біз АИ-80 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеуден алып тастау механизмін қарастырып жатырмыз. Енді аталған бензиннің бағасын нарық реттейтін болады. Алдағы уақытта аталған жанармайдың белгілі бір бөлігі сырттан экспортталуы мүмкін»,-дейді Қуаныш Құдайбергенов.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*