Атырауда кондуктор оқушыларды автобусқа мінгізбей қойған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тараған видео атыраулықтар арасында қызу талқыға түсті. Кадрдан кондуктордың оқушыларды автобусқа кіргізбей тұрғаны көрінеді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір топ мектеп оқушысы аялдамаға келіп тоқтаған №30 автобусқа отырмақ болғанда кондуктор кішкентай қыздарды сыртқа итеріп тастайды. Балалар сосын басқа автобусқа қарай жүгіре жөнеледі. Оған үлгере алды ма, жоқ па — видеоға түспей қалған.

«Автобустың нөмірі белгісіз. Кондуктор және жүргізушімен сөйлесіп, ескерту беріледі. Ендігәрі осы жағдай қайталанатын болса, оларды бағдардан алып тастайды», — деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*