Облыстық мәслихатта – жаңа хатшы (ФОТО)

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІІ сессиясы жақында сайланған депутаттарға куәлік тапсырумен басталды. Оларға жауапты міндеттер жүктеліп, Өмірзақ Зинуллин облыстық мәслихаттың хатшысы, Баязи Әбдешев бюджет, қаржы, экономикалық өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды.

_EAC1655

Ал, №22 сайлау округінен сайланған депутат Абат Тасымовтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сонымен қатар, қаржы басқармасының басшысы Бақытжан Жылқыбаев пен облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Владимир Хасановты өз еркімен қызметінен босату жөніндегі ұсынысты депутаттар қолдады. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова, тегін кәсіптік техникалық білім беру бағытында жұмысшы мамандарды даярлау барысына тоқталды.

_EAC1523

«Облыста 25 техникалық кәсіптік оқу орны болса, соның 12-сінде тегін жұмысшы мамандығы оқытылады. Яғни, 17178 студенттің 70 пайызы жұмысшы мамандығын игеруде. Осындай түлектердің 1389-ы диплом алып, 876-сы еңбекке орналасты. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына» қатысушыларды бір реттік ыстық тамақпен, төрт айлық есептік көсреткіш есебінде жол жүру ақысымен, 16759 теңге шәкіртақымен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 669 582 мың теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, Исатай ауданында кәсіптік-техникалық колледж 320, 100 орындық жатақханалармен қамтылды. 2016-2017 жылдары Мақат мұнай-газ технологиялық және Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледждері күрделі жөндеуден өтті.

_EAC1645

Ал, Атырау қаласындағы мұнай және газ технологиялық колледжіне жаңа ғимарат салынады. Биыл Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледждің 100 орындық жатақханасының құрылысы жүргізілуде, тағы бес колледжге жатақхана тұрғызылады. Жұмысшы кадрлар еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша 1 айдан 6 айға дейін қысқа мерзімді оқытумен қамтылуда. Жыл аяғына дейін бұл бағытта 1275 адам жоспарланса, қазір 1455-і оқытылып, 376-сы жұмысқа орналасты»,-деді Нұрсәуле Сайлауова.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*