Қарымды қаламгерге – лайықты құрмет (ФОТО)

Есімі елге танымал қарымды қаламгер, Қазақстанның құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі, тарихшы-өлкетанушы Әлібек ҚАЙЫРОВ 70 жасқа толды. Осыған орай, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда салтанатты шара өтті.

_EAC0107

Мерейгерді Қазақстанның құрметті теміржолшысы, Атырау облысының құрметті азаматы Амангелді Селбаев құттықтап, ағалық ақ тілегі мен жүрекжарды жылы лебізін жеткізді. Келесі кезекте Әлібек Жұмағалиұлының өзі белді мүшесі болып табылатын «Ел сана» руханият клубының жетекшісі, белгілі ғалым Бақтыбек Таубаев, Мәдениет қайраткері Абат Кенжеғалиев, әріптесі Айтқали Нұрғалиев, туған жерінің ыстық сәлемін арқалай келген Исатай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Таупих Маштахов және басқалары ықыласқа толы ақжарма тілектерімен бөлісті.

_EAC0236

Соңынан жоталы жетпістің биігіне көтеріліп отырған мерейгер Әлібек Қайыров ақиық ақын Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» атты өлеңін нақышына келтіре, мәнерлеп оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді, көрсетілген сый-құрметке ризашылығын білдірді. Өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, ақындар жыр жолдарын тарту етті.

_EAC0299

_EAC0262

_EAC0041

_EAC0112

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*