2018 жылы Атырауда балық өтетін екі арна қазылады

Атырау облысында 2018 жылы балық өтетін екі арна тазартылып, түбі тереңдетіледі,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ФОТО - КАНАЛ

«2018 жылы балық өтетін екі арнада мелиоративті шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Ол ұзындығы 131 шақырым болатын Жайық өзеніндегі Яицкий арнасы. Сонымен қатар Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзеніндегі Ганюшкино арнасы. Оның ұзындығы 65 шақырым. Мелиоративті жұмыстарды жүргізу үшін қажетті жобалау-сметалық құжаттарды дайындауға бюджеттен 65 млн. теңге бөлінген. Аталған құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтті. Қазіргі таңда арнаны қазатын мердігер компанияны анықтау үшін тендер процедуралары жүріп жатыр»,-деді облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Қадымов.

Айта кетейік, Яицкий мен Ганюшкино арналары көктемде балықтардың Каспий теңізінен Жайық пен Қиғаш өзеніне өтетін басты бағыттары болып табылады. Бұл арналар ондаған жылдар бойы тазаланбай, жаз мезгілінде ол жерден балық тұрмақ қайықтың өзі өте алмайтындай жағдайға жеткен.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*