Атырауда ерекше балалардың аналарына арналған форум өтеді

Ерекше балаларға қалай күтім жасаған тиімді? Заңмен берілетін көмек түрлерін пайдаланып жүрсіз бе? Осы және өзге де сұрақтарға ерекше балалардың аналарына арналған І облыстық форумда жауап ала аласыз.

IMG-20171113-WA0010

«Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры 23 қараша күні аналарды «Ерекше бала: көмек-күтім-даму» атты форумда күтеді. Форум «Apec Рetro Technic» колледжінің ғимаратында өтеді. Қатысам деушілер «Жас Атырау» порталында көрсетілген сілтемеге өтіп, алдын-ала тіркелуі тиіс.

Форумға республикалық деңгейдегі спикерлер қатысады деп күтілуде.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*