«Менің Отаным – Қазақстан» атты өлкетанушылар форумы өтті (ФОТО)

Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу -шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсетті.

IMG_6085

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде болған «Менің Отаным – Қазақстан» атты өлкетанушылар форумына өз Отанын, елін, жерін жүрегімен сүйіп, өлкенің өрісі кең өрнекті жолдарына үңілген жастар қатысты.

IMG_6084

Шара барысында жас өлкетанушылар аталмыш тақырыпты негізге ала отырып, өлкеміздің әр түрлі тарихи орындары жөнінде ғылыми жұмыстармен танысып, саяхат жүргізді. Атап айтатын болсақ, Индер тұз көлінің емдік қасиеті, өңірде ең ерекше деп танылған сексеуіл ағашы, 6-9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісудағы қала мәдениетіне тоқталды.

Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Форумда Отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығы көрінді.

Гүлдана Жамбозова

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*