Белгілі журналист Нұрлан Қабыловты мерейлі жасымен құттықтады (ФОТО)

«Атырау-Ақпарат» ЖШС ұжымы танымал журналист Нұрлан Қабыловты мерейлі жасымен құттықтады. Әріптесін құттықтауға жиналған медиасеріктестік ұжымы өздерінің ақжарма тілектерін жолдады.

ЕАС 224

Алдымен, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Баязи Әбдешев сөз сөйлеп, мерейгердің өнегелі еңбек жолынан сыр шертті. «Нұрлан Қабылов – қазақ журналистикасының дамуына ерекше үлес қосқан жан. Әсіресе жастарды тәрбиелеуде, жас журналистерді шыңдауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. «Атырау» газетінде талай жыл жұмыс істеп, жемісті еңбек етті. Келген Пайғамбар жасыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін»,-деп даталы күнімен құттықтай отырып, Алғыс хат табыстады.

Содан соң, «Атырау-Ақпарат» ұжымының атынан әр жылдардың тарихынан сыр шертетін фотоальбом мен естелік сыйлық ұсынды.

Кейін «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, жарнама бөлімінің меңгерушісі Ағиба Қатешова және тілші Қаршыға Көшеков, мінезі жайдарлы да жарқын әріптесі туралы естеліктерімен бөлісті.

ЕАС 313

Нұрлан Қабылов – республикаға танымал журналистердің бірі. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Алматы жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген.

«Ерен еңбегі үшін» медалінің, Елбасы «Алғыс хатының» иегері. Сонымен қатар Т.Амандосов атындағы сыйлыққа, көптеген мерекелік медальдарға ие болған. 2001 жылы «Атырау облысының үздік журналисі», Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атақтарын алды.

Ол ұзақ жылдар аудандық «Қызылқоға», облыстық «Атырау», республикалық «Алтын Орда» газеттерінде бас редактор болып қызмет атқарған. Бүгінде облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары.

Айдос Қарабала

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*