Атырау қаласындағы коммуналдық қызметтердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді (ФОТО)

Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев қаладағы коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасымен жəне қысқы, тасқын қаупі бар маусымға дайындық барысымен танысты,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2017-11-07 at 16.28.22

Атырау қаласының əкімі Серік Шапкеновтың айтуынша, қала көшелерін қардан тазалау жəне инертті материалдар төгу бойынша алдыңғы кезектегі міндеттер көрсетілген маршруттар дайындалған. Қар тазалау жұмыстарымен 420 жол қызметшісі, 78 бірлік техника айналысады.

Қала əкімі 2017-2018 жылғы күзгі-қысқы маусымға дайындық бойынша бекітілген жоспарға сəйкес жалпы ұзындығы 1,75 шақырым су құбырының, жалпы ұзындығы 0,5 шақырым кəріз жүйесінің, жалпы ұзындығы 1,1 шақырым болатын жылу желісінің апатты учаскелерін жөндеу жұмыстары жасалғанын айтады.

WhatsApp Image 2017-11-07 at 16.28.22 (1)

Жылу энергетикалық жабдықтар мен жылу желілері күзгі-қысқы маусымға дайын. Жауын суын айдау үшін тасқын қаупі бар кезде 15 бірлік вакуум автокөлік пайдаланылады.

WhatsApp Image 2017-11-07 at 16.28.21

«Біз жауын жəне тасқын суларын айдайтын коммуналдық қызметтердің арнайы техникаларын қолданамыз»,-дейді Серік Шапкенов. «Осының арқасында өткен күзгі-көктемгі кезеңде тасқынның алдын алуға мүмкіндік болды».

WhatsApp Image 2017-11-07 at 16.28.21 (1)

Биыл Атырау қаласында 240 шақырым жолға асфальт төселді, оның басым бөлігі қала маңындағы селолық округтерге тиесілі. Қала əкімі қысқы маусымда жауын-шашын мөлшері шамадан көп болғанда жедел əрекет ету үшін қала əкімдігі əр селолық округке қар тазалайтын техника жалға алатын қаражат бөлінгенін айтады. Ол қала көшелерін қардан тез тазалауға мүмкіндік беру мақсатында коммуналдық қызметтермен бірлесе жұмыс істейді.

Нұрлан Ноғаев тексеру қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*