Балықшы ықшам ауданындағы үйлер орталық жылу жүйесіне қосылады (ФОТО)

Атыраудың Балықшы ықшам ауданындағы үйлер орталық жылу жүйесіне қосылады. Бұл шара тұрғын үйлерді жылумен қамту процесін жақсартады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2017-11-07 at 10.23.41 (2)

5 қараша күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев, Балықшы ықшам ауданындағы «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС жылу бөлімшесіне барып, тұрғын алабын орталық жылу жүйесіне қосу жəне үйлерді жылыту бойынша жүріп жатқан жұмыс барысымен танысты. Қазір мекеменің жылу қуаты 3200 гкалл. Жаңа жылыту жүйесі арқылы 48 үйге, яғни 2500 пəтерге жылу беріледі.

WhatsApp Image 2017-11-07 at 10.23.41

Атырау қаласының əкімі Серік Шапкеновтің айтуынша, Балықшы ықшам ауданын аталған жүйеге қосу тұрғын үйлерге үздіксіз жылу беру, ыстық су жеткізумен байланысты проблеманы шешеді. Жақында Балықшы ықшам ауданы тұрғындары тарапынан ыстық суды батареядан алу фактілері анықталған.

WhatsApp Image 2017-11-07 at 10.23.41 (1)

Қазандықтардың нормативтік құжаттарына сəйкес жылыту үшін ыстық су беру 5 келі қысыммен жүзеге асады, ол 2,5 келі қысыммен кері қайту керек. Бірақ Балықшы ықшам ауданының кейбір тұрғындары жылыту батареяларының ыссы суын пайдаланғандықтан, су қазандыққа 1 келі қысыммен қайтып жүрген. Бұл процесс пəтерлердің жылумен жеткілікті дəрежеде қамтылмауына əкелді. Осыған сəйкес жылыту маусымында жылу энергиясын толыққанды беру жəне батарея суын тұрмыстық мақсатқа пайдаланбау үшін коммуналшылар «Уранин А» реагентін қосуға мəжбүр болған. «Уранин А» реагенті — энергетикада ғана емес, медицинада да қолданылады, денсаулыққа зияны жоқ. Бір ерекшелігі, теріге немесе киімге жұққан жағдайда жуылмайды.

Тексеру қорытындысы бойынша аймақ басшысы қала əкімшілігіне Балықшы ықшам ауданын орталық жылу жүйесіне қосу мəселесін үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

WhatsApp Image 2017-11-07 at 10.23.42

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*