Атырау Мұнай өңдеу зауытында су салқындатқыш имарат іске қосылды

Атырау Мұнай өңдеу зауытының кокс және күкірт өндірісінің баяу кокстеу қондырғысының ақаба суларын тазарту құрылғыларында жаңа су салқындатқыш имарат іске қосылды.

градирня фото

Бұл нысан 2016-2020 жылдарға құрылған зауытты сумен қамту және суды бұру жүйесін жаңартылуын жүзеге асыру жоспары аясында салынып отыр.

Жаңа имарат тазартылған суды кокс өндірісінде қайта пайдалану коэффициентін көтеруге, сондай-ақ су блогында айналым су шығынын төмендетуге және механикалық тазарту құрылғылары мен ақаба сулардың биологиялық тазартуын атқаратын қондырғыға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.

Бұрын баяу кокстеу қондырғысының ақаба сулары кәріз жүйесіне түсіп, зауыттың тазарту құрылғыларына жіберіліп, толық тазарту циклінен өтетін. Енді жаңа нысан өндірістік су ағызу көлемін жылына 325 мың тоннаға азайту, ал Жайық өзенінің суын қолдану көлемін жылына 500 мың тоннаға дейін азайтады деп күтілуде. Нәтижесінде, экономикалық тиімділік жылына 219 миллион теңгені құрамақ.

Жаңа имараттың негізгі технологиялық жабдығы қалың және тат басудан қорғайтын жабындымен (БМГ-350) өңделіп, жарылыстан қорғайтын екі электр қозғалтқышты сорғымен жабдықталған.

Жобалық көрсеткіштерге жету мақсатында имараттың тәжірибелік-өндірістік жүрісі жүзеге асырылды, содан соң жаңа имарат сәтті іске қосылды.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*