Ұшақ ішінде тәртіп бұзған Жылыой ауданының тұрғыны болып шықты

Қыркүйек айында «Астана-Атырау» бағытындағы «КС-981» рейсімен үйіне қайтып ұшып келе жатқан Жылыой ауданының тұрғыны ұшақ ішіндегі жолаушылардың мазасын алып, өрескел мінез танытқан. Соған қатысты жуырда сот отырысы өтті.

92_main

Анықталғандай, ер адамның ұшақ бортында тәртіп бұзуына оның ішімдікке сылқия тойып алғаны себеп болған екен. Сондықтан, экипаж «Атырау» халықаралық әуежайына орын алған жағдай жөнінде хабар беруге мәжбүр болған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сот қаулысымен оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы 1-бөлігі, яғни, «ұсақ бұзақылық» бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 22 690 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның әуе компаниясының «қара тізіміне» енуі де ғажап емес.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*