Атыраулық шопан 14 жастағы жасөспірімнің қолынан қаза тапты

«Жылыой ауданындағы қыстақтардың бірінде 14 жастағы жасөспірім абайсызда шопанды өлтіріп алды» деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

1015226372

Оқиға түнгі мезгілде орын алған. Жасөспірім каникулға шығысымен Биікжал ауылында тұратын ағасына қыдырыстап келген. Әлгі ағасы қыстақта көмекшісімен бірге мал бағады екен. Оның әбден ұйықтап кеткеніне көз жеткізген көмекшісі мен жасөспірім түнгі аң аулауға шығып, өздерімен бірге қару-жарақты да ала кетеді. Өкінішке орай, соңы қайғылы жағдайға ұласқан. Жасөспірім байқаусызда оқ атып, шопан көмекшісінің басына тиеді. 18 жастағы жігіт тіл тартпай мерт болған.

Қазір бұл іске қатысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1 бөлігі, яғни, «абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып та кетті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Жылыой ауданы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*