Денсаулық күзетінде — жарты ғасыр

Биыл Атырау облыстық ауруханасының құрылғанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ақ халатты абзал жандарды мерейтоймен құттықтады.

ФОТО - АУРУХАНА

«Денсаулық сақтау саласының «қара шаңырағына» айналған аурухана ұжымын жартығасырлық белестерімен құттықтаймын»,-деді аймақ басшысы. «Бұған дейін де медициналық жүйе қазіргідей тың технология болмаса да, мейлінше дамыды, дәрігерлер халыққа адал қызмет етті. Кезінде кішкентай ғана бөлімше болып ашылған аурухана өзінің еншісін алып, бөлек мекеме болып қалыптасты. Медицина қашан да қоғам үшін көшбасшы сала болып қала бермек. Техникалық база жаңартылып, мамандар шетелдерде біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Мемлекет, соның ішінде, жергілікті атқарушы билік өз тарапынан материалдық қолдау көрсетуге дайын. Мемлекеттік грантқа ие болған 222 жастың 35-і болашақ дәрігерлер, олар өңірдің дамуына өз үлестерін қосарына сенімдімін»,-деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.

Шара соңында сала үздіктері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото ohospital.kz сайтынан алынған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*