Дариға Назарбаева белсенді жастармен кездесті (ФОТО)

Атыраудағы Құрманғазы мәдениет үйінде Қазақстан жастар конгресінің ұйымдастыруымен республикалық жастар слетінің отырысы өтті. Оған аталған конгрес кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева қатысып, еліміздің әр өңірінен жиналған жалынды жастардың ой-пікіріне қанықты.

ANU_6678

Естеріңізде болса, Қазақстан жастар конгресінің Атырау облысындағы күндері өтіп жатқанын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Осының аясында Атырауда түрлі саланың, атап айтқанда, журналистика, өнер, спорт, мәдениет, саясат және қоғам белсенділері бас қосты. Биыл аталған жастар ұйымына 15 жыл толып отыр.

ANU_6298

Алдымен жиналғандарға Қазақстан жастар конгресінің құрылған кезінен бүгінге дейін атқарған жұмыстары мен кездескен қиындықтарын баяндайтын деректі фильм көрсетілді. Оның түлектері өмірден айшықты орындарын тауып, бүгінде өз саласының көшбасшыларына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, табысты кәсіпкерлерге айналған.

ANU_6322

Жиында Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Сәбитов, белгілі тележүргізуші, «SS Lab» телелабораториясының негізін қалаушы Сәнді Сұлтан, «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штаб басшысы Тоқтар Болысов, Маңғыстау мен Атырау облыстарының жастар саясаты жөніндегі басқарма басшылары Аманғали Нұрдәулетов пен Ролан Құспан сөз алып, өздерінің бай тәжірибелерімен бөлісті.

ANU_6750

Соңында жастар өздерін толғандырған мәселелерді ашық көтеріп, ұсыныс-тілектерін білдіруге мүмкіндік алды.

ANU_6346

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*