Әлемдік додадан парадзюдошы Әнуар Сариев жүлдемен оралды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында паралимпиадалық жарыс ұйымдастырылып, әлем кубогі сарапқа салынған еді. Оған еліміздің атынан жерлесіміз, парадзюдошы Әнуар Сариев қатысып, қола жүлдені еншілеп қайтты.

ФОТО - А.САРИЕВ

Спортшының бапкері Жандос Қияновтың айтуынша, кездесудің алғашқы кезеңінде ешқандай өзгеріс болмаған. Келесі айналымда Әнуар жапондық Дайсуку Андоны «иппон» тәсілі арқылы тізе бүктіріпті. Ал үшінші шеңберде үнділік Кармпалдан басым түскен. Сөйтіп, жартылай финалда Румыния елінен келген Александр Бологамен кездесіп, тең өнер көрсеткенімен, бір шидо, яғни «ескертудің» кесірінен есе жіберіп алыпты.

Осылайша, жүлдегерлер сапынан табылған жерлесіміз, татами кілемінің шебері Әнуар Сариев, Токиодағы Паралимпиадаға қатысу үшін қажетті алғашқы рейтинг ұпайын еншіледі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото csp-parasport.kz сайтынан алынған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*