Атырауда жүз отбасыға азық-түлік үлестірілді (ФОТО)

Жүз отбасыға қамқорлық. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен «Иманғали» орталық мешітінде бір сәтте жүз мұқтаж отбасыға азық-түлік үлестірілді.

9697 (8)

Әрқайсысы 25 келі болатын пакеттер күріш, астық, күнбағыс майы, макарон өнімдері сынды әлеуметтік маңызы бар тағамдармен толықтырылған.

9697 (1)

«Қамқорлық бір акциямен немесе бір ғана аймен шектелмеуі тиіс. Әр істің бір қайыры бар. Демек, мұндай шаралардың мешіт жұмысының негізгі бағытына айналуының  өзі заңдылық»,-дейді облыстың бас имамы Батыржан Мансұров.

9697 (7)

Айта кетелік, бүгінде мүгедек жандар, көп балалы, жетім, жартылай жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың барлығы мешіттің тізімінде  мұқтаж есебінде тіркелген.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*