Атырау-Ақпарат» ұжымы Индер және Махамбет аудандарының халқымен кездесті (ФОТО)

«Атырау-Ақпарат» серіктестігінің ұйымдастыруымен бастау алған «Туған жер» этно-мәдени шарасы Индер және Махамбет аудандарында жалғасты. Медиасеріктестік ұжымы аудан халқымен кездесіп, рухани жаңғыру бағытындағы өзекті тақырыптарды жіліктеді.

1

Алдымен, «Атырау-Ақпарат» ұжымы Индер ауданындағы зар заман ақындарының көрнекті өкілі, от ауызды, орақ тілді шешен Мұрат Мөңкеұлының зиратына барып, мінәжат етуден бастады. Ақынның рухына Құран бағышталып, қазақ поэзияның көрнекті өкілі жөнінде естелік әңгімелер айтылды.

8

Кейін, медиасеріктестік тобы Индер ауданындағы «ИСИ Гипс Индер» ЖШС-нің жұмысшыларымен, орталық аурухана дәрігерлерімен, Көктем және Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептердің ұжымдарымен жүздесті. Жиында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов пен «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, тілшілер Қаршыға Көшеков, Бақытжан Жұмат, Нұрсұлтан Мықтыбай қоғамда қызу талқыланып жатқан Елбасы мақаласы туралы кеңінен ой қозғап, басым бағыттарына тоқталды.

9

Кездесу барысында сөз алған ардагерлер мен аудан тұрғындары да өз ойларын ортаға салып, Елбасы мақаласы төңірегінде әңгіме өрбітті.

10

Этно-мәдени шара Индер аудандық Мәдениет үйінде қорытындыланды. Облыстық және аудандық басылымдарға жан-жақты қолдау көрсеткен бір топ азаматтар марапатталды. Сондай-ақ, «Атырау», «Прикаспийская коммуна» және Индер аудандық «Дендер» газеттерінің сапалы әрі мазмұнды шығуына сүбелі үлес қосып, басылым бетінде өзіндік ойларымен бөлісіп келе жатқан авторларға аталған басылымдардың штаттан тыс тілшісі куәліктері берілді. Сондай-ақ шара барысында жас тілшілер де ұмыт қалмай, оларға «аудандық газеттің жас тілшісі» куәлігі табысталды.

2

3

5

ANU_4714

Шара соңында Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әншісі, ҚР еңбегі сіңген Мәдениет қайраткері Гүлмайдан Сүндетова, жас әншілер Әсел Аманқұлова, Перизат Қайырбаевалар әннен шашу шашып, жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

4

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Атырау-Ақпарат» ұжымының «Туған жер» этно-мәдени шарасы Махамбет ауданында жалғасын тапты. Қорытынды кеші аудандық Мәдениет үйінде өтіп жатыр.

11

12

13

 Бақытжан Жұмат

Суреттерді түсірген: Әнуар Әбілғазиев

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*