Танымал блоггер Нұрлан Жанай журналистерге семинар-тренинг өткізді

«Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспасөз клубында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті.

латын пресклуб (1)

Онда есімі елімізге белгілі ІТ маманы, танымал блоггер Нұрлан Жанай жаңа медиа заманында кеңінен қолданысқа ие болған әлеуметтік желілерде мониторинг пен маркетинг жүргізуге қажетті құралдар мен сайттар туралы әңгіме қозғады.

Атап айтқанда, осы саладағы сауалнама, жаңалықтар, статистика және мониторинг жүргізудің негізгі бағыттары мен механизмдері жайында жан-жақты баяндады. Нақты мысалдар мен деректерді келтірді.

латын пресклуб (2)

Мәселен, мониторинг – интернет пен әлеуметтік желіден ақпарат іздеу, талдау – түрлі тақырыптың алдын алу, тәуекелді азайтуға тырысу, ал, таргетинг – жедел ақпаратты тарататын арналарды ретке келтіру дегенді білдіреді.

латын пресклуб

Және бір мысал, биылғы сәуір айында жүргізілген мониторингте инстаграмда әлем бойынша 700 миллионнан астам қолданушы тіркелген болса, ал, Қазақстанда олардың саны 3,5 миллион адамнан асқан. Соның 62 пайызын 18-29 жас аралығындағы жастар құраған.

Бұған қоса, спикер инстаграмды пайдалануға қатысты кеңестер беріп, парақша ашпас бұрын жақсы естілетін, есте қалатын логин ойластыру, сауалнаманы 3-4 қатарға жазып, бірнеше смайликпен барынша тартымды ету, күнде не саламын деп ойламау үшін үш айлық контент-жоспары мен бір апталық материалды алдын ала дайындап алу қажеттігін ескертті.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*