Талғайраң ауылында туризм күніне орай қалалық біріншілік өтті (ФОТО)

Талғайраң ауылында спорттық бағдарлау және белсенді туризмнен қалалық ашық біріншілік өтті. Шараны «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы мен Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған.

IMG-20171007-WA0418

Дүниежүзілік туризм және қала күніне орайластырылған жарыста Бесікті, Б.Момышұлы атындағы №25 мектеп, Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп және «Ақжайық» қорығынан құралған барлығы төрт команда бақ сынасты.

IMG-20171007-WA0004

Жалпы, осы атаулы күнді 1979 жылы Испанияның Торремолино қаласында бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас ассамблеясы бекіткен болатын. Мақсаты — әр елдегі халықтармен байланыс орната отырып, туризм саласының әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызын арттыру. Аталмыш мейрам әлем елдерінің көпшілігінде тойланып, туристік басқосулар мен мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп тұрады.

IMG-20171007-WA0198

Шара барысында тұрғындар туризмнің маңыздылығына қанығып, ерекше қорғалатын аумақтар туралы қызықты мәліметтер алды. Ал, велоспорт, туристік техника, ән, газет, туристік тағам және басқа да бағытта сынға түскен үміткерлер арасынан «Ақжайық» командасы жеңіске жетті.

IMG-20171007-WA0222

Мөлдір ҚҰМАШЕВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*