Атыраулық жас әнші Санат Асуат Македониядан жеңіспен оралды

Биыл Македонияның Прилеп қаласында «Звездочки» атты халықаралық музыкалық балалар байқауы өткізілген-ді. Оған қатысқан жас әнші Санат Асуат Бас жүлдені қанжығасына байлады. Сөйтіп, атыраулықтардың үкілі үмітін зор абыроймен ақтап шықты.

anu-9087

Конкурсқа бармас бұрын жеңіспен оралуға уәде берген ол өз сөзінде тұрды. Оған арнайылап жазылған «Болашаққа қол созайық» атты тұсаукесер ән гала-концерт барысында екінші мәрте орындалып, көптің ыстық ықыласына бөленді. Жақында жарыс жеңімпазын «Атырау» халықаралық әуежайынан жерлестері зор қошеметпен күтіп алды.

Санат ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда оқиды. Ал, «Таңсәрі» балалар мьюзик-шоу театрында вокалдан дәріс алады. Оны аталмыш жарысқа ұстазы Майра Жолмұханова дайындады.

 Мөлдір БАЛТАБЕКҚЫЗЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*