Мақат ауданында саябақтар жаңартылуда (ФОТО)

Биыл Мақат кентіндегі бірнеше демалыс орны қайта жаңармақ. Тамыз айында қажетті құрал-жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізген құрылысшылар енді білек сыбана іске кірісті.

IMG_4780

Қазір орталық алаңның 8830 шаршы метр аумағына төсемтастар төселіп жатыр. «ЖайықСтройПроект» жауапкершілігі шектеулі серктестігі жобалаған құрылыс жұмыстарын 87 942,0 мың теңге қаражатқа «МасштабСтройГрупп» мекемесі  жүргізуде.  Сонымен бірге, аталмыш серіктестік  Мақат кенті вокзал маңындағы саябақ пен  «Болашақ» аллеясынның құрылысын да қолға алып отыр.

IMG_4790

Лена НҰРБАЕВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*