Атырауда аймақ басшысының қатысуымен велошеру өтті (ФОТО)

Атырау қаласының күніне орай облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен велошеру болып өтті.

_EAC2816

Оған барлығы 200-ге жуық велосипедшілер қатысты. Атап айтқанда, облыстағы барлық мекеме басшылары мен қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында білім алып жатқан жастар ұзындығы 8 шақырым болатын жолды велосипедпен жүріп өтті._EAC2370

Қаладағы Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының алдынан басталған велошеру Махамбет, Азаттық, Мұхтар Әуезов, Ғұмаров, Қаныш Сәтпаев көшелері бойымен жалғасып, облыстық әкімдік ғимараты жаяу жүргіншілер көпірінде қорытындыланды._EAC2425_EAC2396

Велошеруді қорытындылаған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев оған қатысқандарды қала күнімен құттықтап, алғысын жеткізді. Сондай-ақ, велошеруге қатысқан ең жасы үлкен қарияны, ең кішкентай бүлдіршінді, отбасымен түгел қатысқан жанұяны және велошерудің мәресін алғаш болып аттаған шабандоздарды марапаттап, су жаңа велосипедтерді тарту етті._EAC2302_EAC2431_EAC2439_EAC2572_EAC2645_EAC2748

_EAC2583

_EAC2803

_EAC2923

_EAC2931

_EAC2287_EAC2902_EAC2957

_EAC2983

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ.

Суреттерді түсірген Ерлан Алтыбаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*