Атыраулықтар отбасы жоспарлауда олқылықтар бар екенін жасырмайды

Атырау облыстық перинаталдық орталығында отбасын жоспарлау бойынша шеберлік сыныбы өтті. Курсты Қазақстанның репродуктивті және жыныстық денсаулық қауымдастығының мамандары өткізді.

ЕАС 075

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Ана мен бала» және «Репродуктивті денсаулық мектептерін құру» сияқты әлеуметтік жобаларды жыл сайын іске асырып келеді. Атыраудағы бұл тәжірибе алмасу – соның бірі.

нургул (3)

Оған қаладан, ауданнан отызға жуық дәрігер қатысып,  біліктілігін арттырды.

– Отбасын жоспарлау дегеніміз, әйелдердің денсаулығын сақтау, сау және шын қаланған балаларды дүниеге әкелу үшін тиімді уақытты таңдау, түсік жасауды және ана өлімін төмендету. Қазіргідей теxногендік факторлар көбейген кезеңде аурудың түрі деп көп кездеседі. Сондықтан, жоспарлаудың мәні зор, — дейді дәрігерлер. Шеберлік сыныбында гинекологтар мен орта буын медицина қызметкерлері жас отбасылармен сөйлесіп, псиxологиялық кеңес беруді үйренді.

нургул (1)

Айта кетейік, мұндай бағыттағы оқу курсы Атырауда алғаш рет ұйымдастырылды. Облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Асқар Кенжеғалиевтің айтуынша, жанұяны жоспарлауға қазіргі кезде зор мән беріліп жүр. Жоспарлау дұрыс болса, перинаталдық орталықтың да жұмысы өрге басады.

нургул (5)

– Алдағы уақытта оторинологиялық, перинаталдық күтім бойынша аталмыш қауымдастықпен бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз. Ана мен бала өлімін болдырмау үшін бірлескен жұмыс қажет. Осы орайда семинардан өткен дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері енді біздің бас кеңесшіміз болады, — деді Асқар Тілекқабылұлы өз сөзінде.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*