Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс қайта жанданды

Атырау мұнай өңдеу зауыты тамыз-қыркүйек айларында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін қайта толық іске қосылды. Кәсіпорынның қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім қызметкерлері жұмыс жоспардан жеті күн бұрын орындалғанын айтады.

tn_192645_b75bdd3ddc8f

Алдын ала мұнай өнімдері өңір сұранысын өтеуге жетерлік көлемде резервуарларға жинақталған болатын. Қазір технологиялық регламенттерге сәйкес, барлық қондырғы іске қосылды. Мұнайдың орташа тәуліктік өндірісі 15,9 мың тонна, бензин 2,2 мың тонна, дизель отыны 5 мың тоннаны құрайды. Яғни, салалық министрлік бекіткен жоспарға толығымен сәйкес келеді. Биыл зауыт 4 млн. 650 мың тонна мұнай өндіруі тиіс. Бүгінде өңірдің негізгі отын жеткізушісі болып табылатын «Атырау мұнай өнімдерінің» қорында 2160 тонна жанар-жағармай, соның ішінде, 1200 тонна бензин бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*