Атырауда ұсталған әйелдер колониясы бастығының орынбасары 1,3 млн теңге пара алған

Атырауда УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары ұсталғаны туралы осы уақытқа дейін жазған болатынбыз. Жалпы режімдегі әйелдер колониясы бастығының орынбасарын ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері пара алу үстінде ұстаған еді.

ANU_3725

– Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/ 11 мекемесі бастығының орынбасары Жаңбырбай Әзизді жазасын өтеп жатқан әйелдің күйеуінен 1,3 млн теңге көлеміндегі ақшаны заңсыз алды деген күдікпен ұстады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 366-бабына («Пара алу») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп мәлімдеді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қылмыстық процессуалды кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай басқа мәліметтер жарияланбайтын көрінеді.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*