Атырау облысының зиялы қауым өкілдері латын қарпіне көшу Қазақстан дамуының маңызды қадамы деп санайды

Атырауда ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысқан мəжіліс өтті. Онда қазақ алфавитінің кириллицадан латынға ауысу мəселесі айтылды.

IMG_2965-14-09-17-09-39
Мəжіліске филология ғылымдарының докторы, профессор Қадір Жүсіп, ҚР Жазушылар одағы Атырау облыстық бөлімшесінің төрағасы Қойшығұл Жылқышиев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Əбілсейіт Мұқтар, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық бөлімшесінің төрағасы  Əбілхан Төлеуішов, «Аяз би» қоғамдық қорының төрағасы Жеңіс Аронов сынды өңірге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мəжіліс қортындысы бойынша мемлекет басшысының атына қазақ алфавитінің латынға ауысуы туралы бастаманы қолдайтындары айтылған жеделхат дайындалды.
«Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы!
Латын əліпбиіне көшу мəселесі қоғамды біраздан бері толғандырып келеді. Зиялы қауым мен тұтас азаматтық қоғам осы бағыттағы əр қадамға айрықша назар аударды. Осы тақырып жайлы Сіздің əр сөзіңізді тыңдады, талқылады жəне қолдау көрсетті.
Əлемнің сексен пайызы латын əліппесімен жазатын бүгінгі заманда, оған көшу біздің тіліміздің болашағына сеніммен қарауға жол ашады. Тарихи ауқымда бұл қадамның біздің ел үшін маңыздылығын қайта бағалау оңайға соқпайды. Сіздің тапсырмаңызға сəйкес ғалымдарымыз біздің алфавитті жасау бойынша қазақ тілінің ерекшелігін, жазу мен басқа да маңызды аспектілерін ескере отырып үлкен жұмыс атқарды. Сіз жаһандану жағдайында жойылып кетпеу үшін халық заманауи технологияларды пайдаланып, күнделікті тұрмысқа енгізіп, білімі үшін қолдануы керек екенін, дамудың кілті осында екенін айттыңыз. Латын алфавиті осы жолда алтын қазық болары сөзсіз. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз. Біз бəріміз бірге жаңа биіктерді бағындырамыз», – делінген хат мəтінінде.

IMG_2964-14-09-17-09-39

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*