«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы тағайындалды (ФОТО)

Бүгін облыс əкімі Нұрлан Ноғаев «Атырау» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясының ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Ол – Женева бизнес жəне халықаралық зерттеулер университетінің магистрі Марат Түсіпқалиев. Оның магистр дəрежесімен бірге, экономика жəне менеджмент, мұнай-газ кен орындарын пайдалану салаларында екі жоғары білімі бар.

IMG_2929-11-09-17-13-19

Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының өндірісті басқару департаментінде жоба менеджері қызметінен бастаған. Одан кейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында мұнай мен газды өндіру департаментінің менеджері болған. 2003-2007 жылдары «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-де мұнай жəне мұнай өнімдерін сату департаментінің директоры лауазымын атқарған.

ANU_1936

Ал, 2007 жылы мемлекеттік қызметке келіп, Бөрілі ауданы əкімінің орынбасары болды. Ол мұнда шағын жəне орта бизнес мəселелеріне жетекшілік етті. Кейін 2007-2012 жылдары Орал қаласы əкімінің орынбасары қызметін атқарды. Бұл лауазымда қаланың өнеркəсіптік кешенінің дамуына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғыртуға жетекшілік етті.

2012-2016 жылдары Бөрілі ауданының əкімі, 2016-2017 жылдары «Альтаис групп» ЖШС бас директорының орынбасары болған.

ANU_1969

Аймақ басшысы Марат Түсіпқалиевтің мұнай-газ секторына инвестиция тартуда мол тəжірибесі барына айрықша назар аударып, «Атырау» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясының алдында тұрған маңызды міндеттерді атады. Сондай-ақ, аталған корпорация қызметін жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берді.

 

Айбөпе САБЫРОВА.

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*