Облысымызда 64 әлеуметтік маман қызмет көрсетеді

Ағымдағы жылдың 20-шы қыркүйегінде Елордада әлеуметтік қызметкерлердің алғашқы форумы өтеді. Шараны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – жұртшылықты әлеуметтік қорғау жүйесінде сала мамандарының рөлін күшейту, олардың қазіргі қоғамдағы орнын және әлеуметтік сала дамуына қосқан үлесін ескеріп, өркендетудің негізгі бағдарларын белгілеу.

invalid-2

Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде егде жастағы жандарға үйден қызмет көрсететін төрт бөлімше бар. Бөлімше меңгерушісі Гүлнар Нұржанованың айтуынша, олардың әрқайсысы ықшамаудандар, селолық округтер бойынша жұмыс істейді. Облыс орталығындағы 237 жалғызілікті зейнеткер мен мүгедекке – 34, 195 бала кезден мүгедектерге – 30 әлеуметтік маман қызмет көрсетеді. Олар ҚР Үкіметі бекіткен стандартқа сай жұмыс жасайды. Апта сайын олар әр қарияның жағдайынан есеп беріп отырады.

Яғни, кесте бойынша белгіленген уақытта аптасына екі рет барып, қал-жағдайын біледі, мүмкіндігіне қарай дүкеннен керек-жарағын әкелуге, коммуналдық қызмет төлеуге қолғабыс етеді, қажет болса емханаға апарады.

Айбөпе САБЫРОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*