Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілуде

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін халыққа түсіндіру мақсатында «Бірыңғай күн» іс-шарасы өтті.

1142365 (1)

Халыққа медицина саласындағы жаңа жүйені жан-жақты түсіндіру үшін «Нұр Отан» партиясы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бірлескен арнайы ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, аудандарды аралауды бастаған болатын. Осыған дейін өткен шара барысында да топ мүшелері әлеуметтік сала өкілдері, кәсіпкерлермен кездесіп жаңа жүйеден туындайтын нормалар мен қағидалар туралы айтты.

«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалында облыстық деңгейдегі мекемелердің жауапты қызметкерлері арнайы қабылдау өткізіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді.

Мәлике МӘЛІК

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*