Дін істері басқармасы өкілдері жазасын өтеушілермен футбол ойнады

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/9 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында спорттық ойын түрлерінен жарыс өтті.

IMG_6621

Дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, жат ағымдардан сақтандыру, жазасын өтеушілерді ынталандыру мақсатында өткен шараға сотталған азаматтардан құралған «Қыран», «Барыс», «Арлан» командалары, «Шапағат» орталығының мамандары және «Иманғали», «Әт-тақуа» мешіттері имамдарынан құралған «Жайық» командалары қатысты.

IMG_6464

«Волейбол» ойыны бойынша бақ сынасқан командалар арасында бірінші орын қырандықтарға бұйырды. Екінші және үшінші орындарды «Арлан», «Барыс» командалары өзара бөлісті. «Кіші аяқ доп» ойыны бойынша жарыста дін мамандарынан құралған «Жайық» командасы озық шықты. «Арлан» мен «Қыран» командалары үздік үштікке енді.

IMG_6441

Шара соңында Алматы қаласынан өңірімізге арнайы шақыртылған теолог Ермек Көкірекбаев «Мәзхаб – бірлік кепілі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, жазасын өтеушілердің түрлі сауалдарына жауап берді. Айта кетелік, спорттық ойынды «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы ұйымдастырды.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*