Спартакиада басталды

Балықшы кентіндегі мүгедектерге арналған спорт клубында  Атырау облысы бойынша қыл-мыстық-атқару жүйесі  департаменті мен оған қарасты мекеме қызметкерлерінің арасында дәстүрлі жаздық спартакиада басталды.

Спартакиада басталды

Жарысқа облыстық қылмыс-тық-атқару жүйесі департаменті, әйелдер колониясы мен ерлер колониясы, тергеу изоляторы мен облыстық пробация қызметінің қызметкерлері қатысуда. Бұл спартакиада волейбол, суда жүзу,  үстел теннисі, шағын футбол, шахмат, дойбы, кір тасын көтеру, эстафета секілді спорт түрлерінен өтеді. Әрбір мекеме командасы 20 адамнан құралған.

Жарыстың салтанатты ашылуына Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Ризабек Дәулетов қатысып, сәттілік тіледі.

Қалалық пробация қызметі басшысының орынбасары Крис-тина Арабаджиева өз сөзінде салауатты өмір салтын насихаттайтын мұндай шаралар департаментте жиі ұйымдастырылып тұратындығын атап өтті.

Әділет полковнигі Р.Дәулетов сондай-ақ, түзеу мекемелерінің 3 қызметкері Атырау облысының атынан  Ақтөбе қаласында самбодан өтіп жатқан республикалық жарысқа қатысып жатқандығын жеткізді.

Спартакиада қорытындысы тамыз айының соңында белгілі болады.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*