Атырау МӨЗ Қытаймен байланысты нығайтпақ

Атырау мұнай өңдеу зауыты Қытайдың Хайнань мұнай өңдеу зауымен арадағы байланысты нығайтпақ, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

20170730041710

«Бейжіңде Атырау және Хайнань мұнай зауыттары арасында іскерлік ынтымақтастық пен бауырластық қатынас келісіміне қол қою рәсімі өтті. Келісімге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газды өңдеу жөніндегі аға вице-президенті Данияр Тиесов пен «Sinopec Group» бас директоры Лин Ицюн қол қойды», —  деді Атырау МӨЗ баспасөз қызметі.

Екіара келісім мұнай өңдеу кәсіпорындары арасында өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға, әлеуметтік саясат пен персоналдарды басқаруда, энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау мен жаңа технологияларды енгізуде, қондырғыларды қауіпсіз пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен бірлескен жобалар жасақтауға бағытталған.

Тараптар жаңа технологияларды бірлесіп жасақтау саласында, өндірісті ұтымдастыру идесымен бөлісу, өнімдер сапасын арттыру мен экологиялық ахуалды жақсарту, «Интернет+Өнеркәсіп» және SMART-заводтарды енгізу тұжырымдамасын жасамақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*