Музыка мектебі – дарындар тәрбиешісі

Махамбет ауданындағы  Зәмзәм Ещанова атындағы балалар музыка мектебінде оқып жүріп, болашағына бағдар алып, өнерпаз атанған, қазіргі таңда Мақат ауданы «Доссор балалар өнер мектебінде» ұстаз болып қызмет етіп жүрген Айгүл Дүйсенғалиева туралы айтқым келеді.  Жиырма екі жылдық еңбек өтілінде дарынды шәкірттің талайын қияға ұшырған  ұстаз еңбегін  айтып тауысу мүмкін емес. Бірінші санаттағы мұғалім, Мақат аудандық халық аспаптар оркестрінің домбырашысы.

Музыка мектебі – дарындар тәрбиешісі

Осы жылдар ішінде оқытқан оқушылары – домбыраның  сырын  ұғып, күйін шерткен талантты жастар.  Ал, Ерасыл Мағзом  республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына орай өткізілген домбырашылар байқауында бас жүлдені иеленді.

Сонымен қатар, ол «Шалқыма» оркестрін құрып, жетекшілік жасап келеді. Республикалық «Ақкөгершін» фестивалінде,  халықаралық «Атадан мұра» байқауында бірінші дәрежелі лауреат атанған ансамбль – аудан ғана емес, облыс мақтанышы.

«Спорт адамның тәнін тәрбиелесе, музыка адамның жанын тәрбиелейді»  деген Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзі бар. Бұл – оның саз өнеріне берген бағасы. Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбек зая кетпеді. «Үздік ұстаз» атанып, Алғыс хатпен марапатталды. Талант Жаратқанның ғажап сыйы болса, сол дарын иесін өз деңгейінде тәрбиелегенде ғана шынайы нәтиже беретіні рас. Өзімді алға жетелеген ұстазыма алғыстан басқа айтарым жоқ.

Ернар  ТЕМІРОВ,

Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер

академиясының оқушысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*