Атырау облысының Астанадағы мəдени күндері аясында ат жарысы болады

Спорттық шара Атырау облысының Астанадағы мəдениет күндері аясында «Қазанат» ипподромында өтеді, мұнайлы аймақтың мəдени апталығы көрермен көңілінен шығатын дүбірлі додамен аяқталады,- деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.

IMG-20170719-WA0008

Бəйгеге əр облыстан жəне Астана мен Алматы қалаларынан үш тұлпардан қатысады. Атырау облысы турнир иесі болғандықтан бес сəйгүлікті жарысқа шығарады.
Қатысушылар үш қашықтық бойынша сынға түседі, Жорға бəйге — 5 км, Құнан бəйге — 7 км, Аламан бəйге — 21 км.
Шараның салтанатты ашылуы қызықты болады деп күтілуде. Салтанатты шеруге Атырау делегациясының басшылары, ат спорты бойынша ұлттық құраманың мүшелері,  қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ойындарына қатысушы спортшылар қатысады. Бүркітшілер құстарымен, аңшылар тазы, төбеттерімен келеді. «Номад» театрландырылған көрінісі шараның шырайын ашады.  Көрермендер каскадерлердің өнерін тамашалап, қыз қуу, садақ ату, ат бəйгесі сынды ұлттық жарыстарды көре алады.
Бағдарлама:
18:00  -Ат жарысының салтанатты ашылуы
18:30 — 18:45 — 5 шақырымға Жорға бəйге
18:45 — 19:00 —  7 шақырым Құнан бəйге
19:00 — 19:50  — 21 шақырым Аламан бəйге
20:00 — 20:20 — Жеңімпаздарды марапаттау.
Ат бəйгесінің жүлдегерлерін Атырау облыстық əкімдігі мен ұйымдастыру алқасының сыйлықтары — медальдар, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар күтеді.

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*