Содырлар сойқаны

ФИЛИППИН. Марави қаласының тек 20 пайызы экстремистердің уысында қалып отыр. Бұл туралы осы елдің әскерилері хабарлады. Жауынгерлердің пайымдауынша, жуық арада шаһар толық азат етілуі мүмкін.

ad45c8cbe06cb137ea72a01992ed3dad_L

Жалпы, Маравиді «Ирак пен Левант лаңкестік тобымен» байланысы бар радикалдық ұйым жендеттері 23 мамырда басып алған еді. Жарты мыңға жуық қаскөй қаладағы жер асты туннельдеріне қару-жарақ жинап, шабуылға жіті дайындалыпты. Кейіннен президент өңірде әскери тәртіп жағдайын енгізді. Қазір мұнда қарулы қақтығыстар жүріп жатыр. Текетірестер кезінде жүзге жуық содырдың көзі жойылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*