Бангладеште лай көшкіні 57 адамның өмірін жалмаған

БАНГЛАДЕШ. Елдегі лай көшкінінен қаза болғандардың саны 57 адамға жетті. Толастамай жауған нөсерден, әсіресе, елдің оңтүстік-шығыс аймағы қатты зардап шеккен.

b84d20ff12021d2b707658f67b973f03_L

Мұнда телефон байланысы үзіліп, көлік қозғалысы тоқтаған. Үкімет өкілдері: «апат құрбандарының саны әлі де өсуі мүмкін» дейді. Құтқарушылар кейбір аудандарға жолдың қиындығынан жете алмай отыр. Бангладеште толассыз жауын жауатын муссон маусымы жаздың алғашқы айында басталып, қыркүйекке дейін жалғасады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*