Отқа оранған ғимарат

АНГЛИЯ. Лондонда Grenfell Tower көп қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шығып, түгелдей отқа оранды. Шаһардың батысында орналасқан 27 қабатты зеңгір ғимараттың тұрғындары шұғыл эвакуацияланған.

8aad2dff3966b7e67857f04dac24fde9

Апат кезінде 30 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жаумен 200 өрт сөндіруші күресті. Полиция оқиға болған ауданды қоршап, тұрғындарға абай болуды ескертті. Әзірге өрттің шығуына не себеп болғаны белгісіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*