Ота тегін жасалды

Елімізде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасымен биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап тұрғындарды медицина саласындағы ақпараттық технологиямен хабардар ету, жоғары заманауи технологиялар туралы түсінігін арттыру мақсатында республикалық акция өткізілді. Осы орайда облыстық онкологиялық диспансерде ерекше іс-шара ұйымдастырылды.

Ота тег¦н жасалды

Шара аясында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Мұрат Қайбаровтың қатысуымен атыраулық дәрігерлерге шеберлік сыныптары өткізілді. Басында ісігі бар онкопатологиямен келген 62 науқас білікті дәрігердің қабылдауында болып, кеңес алды. Сондай-ақ, бұл күні Мұрат Индалұлы науқастарға жоғары мамандандырылған екі ота жасады. Қос операция алдағы уақытта атыраулық лор дәрігерлердің  тәжірибесіне аса қажетті болғандықтан, отаны жасау процесі бастан-аяқ бейнежазбаға түсірілді.

Нұргүл Насыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*