Мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек?

Іс барысында өзін лайықты ұстау, классикалық үлгіде киіну, тиісті ережелерді сақтау, арнайы тестілеуден өту, ант қабылдау секілді қағидаттары мемлекеттік қызметкердің мәртебесін анықтап тұрғандай. Осы ретте Атырау қалалық әкімдігіне қарасты ауылдық округ әкімдері аппараттарының бас мамандарына ортақ сауал қойған едік.  Олар мемлекеттік қызметкердің мәртебесі мен имиджі хақында пікірлерін білдірді.

69-480x480-620x330

Райхан БИСЕНОВА, Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы:

Мемлекетт¦к __ызметкер Райхан БИСЕНОВа

Жауапкершілік – басты міндет

–Мемлекеттік қызметші атану адамның жан-жақты білімді, жауапкершілігі мол және білікті маман болуын талап етеді. Қызметкер ретіндегі менің негізгі лауазымдық міндетіме округтегі жұмыссыздар есебін жүргізу, ауылға жас маман тарту, округ жастарын кәсіби біліктілікке баулу бағытындағы жұмыстар кіреді. Қазіргі уақытта округ бойынша бес қоғамдық қызметкер және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы оқуын тәмамдап келген жас маман қызмет етуде. Сондай-ақ, ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған үш отбасы тұрмыстық жағдайын оңалту мақсатында «Өрлеу» ақшалай көмек алу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды.

 

Абай ЖАЙБОСЫНОВ, Қайыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы:

Мемлекетт¦к __ызметкер __андай болуы керек Абай ЖАЙБОСЫНОВ

Қарапайымдылық жолыңды ашады

– Бұрын-ғы кезде азаматтар құжаттарымен мемлекеттік мекемелерге аяқтай барып, уақытын жоғалтушы еді. Қазіргі кезде электрондық құжат айналымы арқылы бәрін үйде отырып жасауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің атқарған жұмысына тоқсан сайын бағалау жүргізу, ротация мәселелерін де қазіргі кездегі жаңалыққа немесе жаңа ұғымдарға жатқызуға болады. Бұл өз кезегінде маманның жаңалыққа ұмтылып, өзін-өзі дамытуына септігін тигізеді.

Әкімдікке қызметке жастай келдім. Қызметке кіріскен күннен бастап,  алдымен, елдің абыройын асқақтатып, халықтың алдындағы қызметімді, межелі міндетімді бірінші орынға қойдым. Өйткені, халықтан биік еш нәрсе жоқ. Мемлекеттік қызметтің өз жүгі, өзі биігі бар.  Бүгінде Қайыршақты ауылдық округінде 12 мыңнан  астам халық тұрады. Олардың әл-ауқатын арттырып, замана талабына сай өмір сүруі үшін қолымнан келгенді жасай беремін.

 

Гүлбаршын ӘЖІҒАЛИЕВА, Геолог ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы:

Мемлекетт¦к __ызметкер __андай болуы керек Г__лбаршын __Ж-__АЛИЕВА

Елге  қамқор болсаң, еңбегің жанады

  • Мемлекеттік қызметкер – халық қызметшісі. Қарапайым халықтың жоғын жоқтап, мәселесін шешуге тырысуы керек. Классикалық үлгіде киініп алып, ешкімге сүйкімің жоқ болса, онда қоғам алдында лайықты қызмет жасай алмағаның. Геолог ауылдық округінде көптеген түйіткілді мәселелер бар. Соның бірі – тұрмысы төмен жандарға жәрдемдесу. Әкімдікке қиындығын айтып келіп, жағдайы оңалған тұрғынның бірі – Маржан. Он жылдан астам балабақшада тәрбиеші болған Маржан Шағырованың денсаулығы нашарлап, ұзақ мерзімде төсек тартып жатып қалған. Ауырған адамды кім жұмысқа алсын? Оның үстіне бұрынырақта үйінің құжаттары жоғалған, баспанасында табиғи газ да жоқ. Жалғызбасты әйелді 2007 жылы ауыл әкімі қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы денсаулығы нашарлығын ескеріп, әкімшілікке қоғамдық жұмысқа алды. Әкімдіктің ықпалымен үй құжаттары заңдастырылып, пәтеріне табиғи газ жүргізілді. Жұмысқа алғыр, жауапкершілігі мол Маржан – қазір ауылдағы әкімшілікте техникалық қызметкер. Бүгінгі күні тұрмысы  жақсарды, қызметін атқаруда.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*