Пәтер тек кезекпен беріледі

Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған қала әкімі, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, департамент басшылары қатысты.

П__тер тек кезекпен бер¦лед¦

Аймақ басшысының жеке қабылдауына келген жандардың бәрін тұрғын үй мәселесі толғантады. Мәселен, жасы жетпіске таяған Маржан Әбдіхалихова екінші топтағы мүгедек ұлымен, басқа бала-келін, немерелерімен – барлығы он адам шағын үйде тұрады. Осыған байланысты ұлының жеке пәтер алуына көмектесуді өтіне келіпті.

Көп балалы, әрі аз қамтылған отбасы ретінде баспаналы болуды армандайтын Ізбасова Сандуғаш пәтер алу кезегіне 1795-ші болып тіркелген.

И.Тайманов атындағы орта мектептің мұғалімі, көп балалы ана Күнтолқын Нұрмағамбетованың да басына осындай тағдыр жазылған.

Алаяқтарға алданып, баспанасынан айырылып қалған зейнеткер Гүлжан Әуелбекова мүгедек баласымен қазір пәтер жалдап жүр. Он екі жылдан бері  кезегі бес жүзге жылжып, қазір кезекте 51-ші болып тұр. Баспана қиындығына төзгендердің барлығына берілген жауап біреу – пәтер кезекке сай беріледі. Бұл–заң талабы.

Қабылдауға келген тұрғындарды мұқият тыңдаған Нұрлан Асқарұлы еліміздің қолданыстағы заңдары негізінде азаматтарға пәтерлердің тиісті санаттар бойынша кезекпен берілетінін, ешкімге жеңілдік  жасалмайтындығын түсіндірді. Соңғы кезде облыс орталығында  көп қабатты тұрғын үй құрылысының қарқынды жүргізілуіне байланысты баспаналы болуға ниеттілер қатары да өсіп отыр. Қазір олардың саны 18 мыңға жуықтады. Тек соңғы бес жылда тұрғын үй жайын жақсарту туралы  атыраулықтардан 12 мың  арыз түскен. Олар да заң шеңбері аясында баспана иесі атануына құқылы.

Облыс әкімі Н.Ноғаев «тұрғын үй, жер телімін алып беруге жәрдемдесемін»  деушілерге миллиондаған қаржысын беріп, алаяқтардың арбауына түсіп жүрген азаматтардың көптігін ескеріп, шаһар басшысы Серік Шәпкеновке түсінік жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Бақытжан ЖҰМАТ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*