Атырауда Мереке Құлкеновтың шығармашылық кеші өтті

Кеше Махамбет атындағы қазақ драма театрында Елім деп соққан жүрегі атты ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, жазушы Мереке Құлкеновтың шығармашылық кеші өтті.

ЕАС 418

Кеш жазушы туралы түсірген документальды фильммен басталды. Театр актерлері жазушының ішкі монологына құрылған драмалық көріністе қоғам қайраткерінің, елім, тілім деп жанұшырған қаламгер бейнесін сомдады.

ЕАС 286

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Мереке Әбдешұлының қайраткерлік тұлғасын айта келіп, шығармашылық табыс тіледі. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Алаш Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Несіпбек Дәутаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Парасат орденінің иегері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев, қоғам қайраткері Нұрпейіс Мақашев, сыншы Айдос Сарым жазушы шығармашылығы туралы көсіле айтты.

ЕАС 371

Кеш соңында қаламгер Атырау жұртына өз ризашылығын білдірді.

ЕАС 093

Гүлзада Ниетқалиева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*