Желдей ескен «Желқанат»

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін ат спорты түрлерінен «ЭКСПО кубогы» сарапқа салынды. Жарысқа еліміздің 14 облысы, Астана мен Алматы қалаларынан және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Польшадан  шашасына шаң жұқпайтын  бір жүз елуден аса сәйгүлік қатысты.

Желдей ескен Жел__анат

Бұл ат бәйгесінің  маңызы да, мазмұны да бөлек десек, артық айтқандық болмас. Соған сәйкес бұл күнгі бәйгенің түрі де,  жеңімпаздар мен тігілген жүлде қоры да аз болмады. Аламан бәйге – 25, топ бәйге – 15, жорға жарысы – 7 және құнан бәйге  сайысы 7 шақырымды  құрады. Ал, ұшқырлар бәйгесіне қатысқан желден жүйріктер  2400 және 1800 метрге шапты.

Аламан бәйге 32 жүйрікті жарыс жолына қосты. Жүйріктердің 25 шақырымдық аламанына үкілі үмітпен қосылған сәйгүліктердің қатарында атыраулық «Желқанат» деген аттың бағы жанды.  Елорда төрінде  небір жүйрікті шаң қаптырып, желдей ескен «Желқанат» бірінші орынды жеңіп алды. Сөйтіп, сәйгүлік иесі Д.Мырзаханов пен бапкері Б.Шымырбаев, шабандоз Олжас Қойшыбай 10 млн. теңге мен «ЭКСПО кубогын» қанжығасына байлады.

Бақытжан Жұмат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*